Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша қазір ол сот санкциясымен қамауда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәлімет айтылмай отыр. Бұған дейін экс-төраға Кәрім Мәсімов пен оның екі орынбасары ұсталған еді.