Украинада төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада төтенше жағдай жарияланды

24.02.2022

Украина өз әуе кеңістігін қауіпсіздік мақсатында уақытша жапты. Сонымен қатар, елдің барлық аумағында бүгіннен бастап 30 күндік төтенше жағдай жарияланды. Ол режимге сәйкес, әскер қатарына шақырылатын резервистердің қозғалысы шектеліп, ақпарат құралдарының қызметі бақылауға алынып, тұрғындардың құжаты тексеріледі. Сонымен қатар, Ресеймен және Беларусьпен арадағы шекараларда күзет күшейтілмек. Дегенмен, Украина маңына 150 мыңнан аса жауынгер шоғырландырып, Луганск және Донецк облыстарындағы сепаратистік аудандарды мойындаған Ресей, көрші елге соғыс ашу жоспарының жоқ екенін мәлімдеп отыр. Президент Владимир Зеленский болса, халыққа 10-минуттық телевизиялық үндеу жолдап, Украинаға соғыстың қажет емесін, бірақ қорғануға әзір екенін мәлімдеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу