Елімізде өткен тәулікте 566 адам вирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өткен тәулікте 566 адам вирус жұқтырды

24.02.2022

Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді. Өткен тәулікте 566 адам вирус жұқтырған. Ковидке шалдыққандар әсіресе Алматы қаласында көп тіркелді. Ал Түркістан облысында 1 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Елде коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 компонентін барлығы 8 951 617 адам алған.

Қазақстандық екпе туралы мақала британдық журналға шықты

Сондай-ақ, жақында қазақстандық NARUVAX-C19 екпесі туралы мақала британдық «Nature» ғылыми журналына шықты. Мақала 5 ай бойы зерттеу жұмыстары барысында жазылып, екпенің иммуногендік тиімділігі жоғары екені дәлелденген. Отандық ғалымдар вирусқа қарсы төтеп бере алатын технологияны патенттеді. Айта кетейік, NARUVAX-C19 Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тізіміне COVID-19-ға қарсы үміткер вакцина ретінде енгізілген.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу