Өскемен қаласында заңсыз құрылыс жүргізбек болған кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұрынғы автокөлік тұрағы болған жерді сатып алған азамат көпқабатты үйлердің ауласынан зәулім ғимараттың құрылысын бастаған. Тұрғындардың айтуынша, жаңа нысанның іргетасын қалау үшін жерді қазған кезде сол маңдағы көпқабатты үйдегі кей пәтерлердің есік-терезесі мен қабырғасында жарықшақ пайда болған. Балалардың ойын алаңы үйіндінің астында қалған.
Нина Лемешко, қала тұрғыны:
Бұл жерде институт ғимараты. Мына шұңқырды қазған кезде қатты дүмпуден біз тұрған үйдің жоғарғы қабатындағы кейбір пәтерлердің қабырғасында жарықшақ пайда болды. Оған қоса үйдің осы жағы көлеңке. Енді оған қабаттастырып, тағы зәулім ғимарат салса, мүлде қолайсыз болады. Тұрғындар көлікті қайда қояды.
Тұрғындардың арыз-шағымынан соң жүргізілген тексеру нәтижесінде кәсіпкердің көпқабатты тұрғын үйдің маңындағы аумақта құрылыс жүргізуге ешқандай заңды құжаты жоқтығы анықталды. Соған сәйкес құзырлы органдар оған айыппұл салып, құрылысты уақытша тоқтатты.
Талғат Ахметов, қалалық Жер қатынастары және сәулет, қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:
Қалалық жер қатынастары және құрылыс бөліміне тұрғындардан шағым түсті. Сол бойынша бойынша біздің мамандар бірден тексеруге кірісті. Нәтижесінде хатта көрестілген мекенжайда құрылыс заңсыз салынып жатқаны анықталды. Кәсіпкерге құзырлы органдардан рұхсат алмай құрылыс салағаны үшін 120 айлық есептік мөлшерде айыппұл салынды. Ал құрылыс уақытша тоқтады.