Биыл еліміздің орта мектептеріндегі оқу бағдарламасына «Өмірлік маңызы бар дағдыларды үйрету» курсы енгізілмек. Қазір, Zhas Project-тің нәтижелері бойынша бағдарлама әзірленіп жатыр. Жастарды мектеп қабырғасынан бастап өз идеясын жүзеге асыруға баулитын оқу курсы жайында Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты. Вице-министрдің сөзінше бес жыл ішінде 10 мыңдай жас өз кәсібін дөңгелетіп әкеткен. Оларға 3 мың грант берілген. Осы уақытта екі мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асқан. Оның 20 пайызы ауылдық жерлерде. Олардың қатырында тілдік курстар мен күнделікті өмірге қажетті қызметтер бар. Бұрын аудан орталығына жиі қатынайтын тұрғындарға түрлі қызметтер ауылда да қолжетімді. Бұл үрдіс қоғамның жан-жақты дамуына үлес қосты. Сондықтан, жобаны дамытып, одан әрі жалғастыру маңызды деді, вице министр.
Қуаныш Ерғалиев, ҚР білім және ғылым вице-министрі:
Мектепті аяқтап, мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауды үйретуге бағытталды. Атап айтқанда, жоба барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар, жастарды дамыту индексі, волонтерлік қызметті дамыту стратегиясы, кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және басқа да құжаттар әзірленген болатын
Сәбит Әлдебай