Атом электр станциясын салу үшін 6 елдің технологиясы зерттеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атом электр станциясын салу үшін 6 елдің технологиясы зерттеліп жатыр

23.02.2022

Атом электр станциясын салу үшін 6 халықаралық компанияның технологиясы зерттеліп жатыр. Олардың қатарында америкалық, жапониялық, кореялық, қытайлық, ресейлік сондай-ақ, Францияның тәжірибесі бар. Әзірге станцияның қашан салынатыны белгісіз. Энергетика министрлігінің мамандары құрылыс Балқаш пен Курчатов қаласында бой көтеруі мүмкін деп болжап отыр. 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд кВт сағатқа жетеді.

Станциялардың қолданыстан шығуы, ескіруі, экологиялық санкциялардың күшеюіне байланысты энергия өндіру көлемі алдағы 10 жылда төмендейді. Осылайша, тұтынушылардың сұранысын өтей алмауымыз мүмкін дейді, мамандар. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу