Қостанайда қырыққабатқа сұраныс 10 есе өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қырыққабатқа сұраныс 10 есе өскен

23.02.2022

Биыл Қостанайда қырыққабатқа сұраныс 10 есе өскен. Мысалы былтыр тұрғындар жыл бойы 40-50 тонна қырыққабат тұтынса, биыл осындай көлемдегі өнім екі айда сатылып кеткен. Соның салдарынан бір келісінің құны 104 теңге тұратын арзан қырыққабаттың тапшылығы туындады. Ал оның нарықтағы бағасы 300 теңгеден асады. Бағаны ауыздықтау үшін тұрақтандыру қорынан тағы 20 тонна қырықабат сатып алынып сауда нүктелеріне таратылды. Сұраныстың ұлғаюы алыпсатарлықтың кесірінен болуы мүмкін. Сондықтан ірі сауда орындары арзан өнімді алушыларға аз көлемде ғана сатуға көшті.

Виктор Ивченко, Супермаркет директорының орынбасары:

Біздің қызметкерлердің бәріне нұсқаулық берілген. Егер тұтынушы қырыққабатты көп мөлшерде алып жатса, одан бұл әрекетінің себебі сұраймыз. Қырықабаттың әлеуметтік азыққа жататынын, сондықтан көпшілікке жеткілікті болу үшін аса мұқтаждық болмаса артық алмауын өтінеміз.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу