«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындары 2024 жылға қарай қалдықтарды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайтады. Бұл туралы компанияның директоры Лакшми Миттал Мемлекет басшысымен кездесуінде айтты. Миттал компанияның инвестициялық бағдарламасы мен өндірісті ұлғайту, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелерді орындау жоспары туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты. Сондай-ақ Президент қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің және қызметкерлерді оқытудың аса маңызды екенін атап өтті.
Шерхан Жамбыл