Қазақстандық компаниялар Иран нарығына 162 млн доллардың тауарын жеткізуге дайын. Оның ішінде металлургия саласы, тамақ, машина жасау, фармацевтика және құрылыс материалдары бар. Бұл туралы қазақстандық бизнестің Иранға сауда-экономикалық миссиясы барысында айтылды. Сауда және интеграция министрі Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы пайдалануға берілгеннен кейін өнім экспортының көлемі 5 есе өскенін жеткізді. Ауыстырып тиеу мүмкіндігі шамамен 10 млн тонна жүк. Осы бағыт арқылы Қазақстанның Парсы шығанағындағы барлық мемлекеттерге шығу мүмкіндігі бар, дейді.