Президенттен әлеуметтік желі арқылы көмек сұраушылар көбейді. Себебі, жергілікті билік жұрттың проблемаларын шешіп бермейді. Бұл «әкім болсаң-халқыңа жақын бол» қағидасын бұзып отыр. Сондықтан әр деңгейдегі әкімдер сайлануы тиіс. Тек аймақ басшылары емес, мәслихат пен мәжіліс депутаттарын да мажоритарлық жүйемен сайлау маңызды. Партиялық тізімнен ұсыну әдісі – құрдымға кетірді. Бүгін сарапшылар «Жаңа Қазақстанды» құруға қатысты талдауларын айтты. Сондай-ақ бүгінде нақты экономикалық жағдай мен қауқарды бағамдау мүмкін болмай отыр. Өйткені, елдегі жұмыссыздық, кедейшілік, тұрақты табыс, инфляция сияқты мәселелердің статистикасы бұрмаланған. Бұл құзырлы орган басшыларының халықтың қамынан гөрі белгілі бір мүдде үшін жұмыс істегенінің кесірі.