Қазнетте Семей маңында карантиндік лагерьлердің құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Онда адамдарды зорлықпен оқшаулайды делінген. Кейбір желі қолданушылары бұл түрмеге ұқсайды деп қауесетті одан әрі ушықтыруда. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай хабарламалар 2020, 2021 жылдары да тараған. Екі жағдайда да ақпарат фейк болып шықты.
Ақниет Балтанова