Үкіметте тасқынның алдын алу жайы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте тасқынның алдын алу жайы қаралды

22.02.2022

Елімізде 285 елді мекенде су басу қаупі бар. Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі осылай деп мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша тасқын қауіпі жоғары 5 аймақ бар.

Олар Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Кешенді алдын алу шаралары нәтижесінде 340 елді мекен қауіпті аймақтан шығарылды. Су басу қауіпі бар 278 жол учаскесі мен 600-ден астам теміржол бөлігі бар. «Бұл аумақтарды алдын ала бақылауға алу қажет. Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бірақ ұзақ уақыттан бері жүйелі шаралар қабылданбай келді,» - деді Үкімет басшысы. Қараусыз қалған гидротехникалық нысандарды анықтап, коммуналдық меншікке беру жұмыстарын ширату қажет. Отырыста Премьер сонымен қатар жауапты ведомстволарға трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша мәлімет алмасуды жетілдіруді тапсырды.


Хабарламаларға жазылу