Әлем нарығында мұнай бағасы жеті жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Соңғы мәліметке қарағанда, Brent маркалы шикізат нарқы 97 доллар 35 центтен асып отыр. Бұған Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі себепші. Ал, Азияда акциялар саудасы құлдырап жатыр. Бүгін Жапонияның «Никкей» индексі 2 пайызға, Кореяның «Коспиі» 1,82 пайызға, Гонконгтің «Хан Сені» 2,29 пайызға түсті. Айта кетсек, бұл индекстер мыңдаған компанияның құнды қағаздарының орташа құнын көрсетеді.
Арыстан Рысбек