Коронавирусқа қарсы ревакцина жасағандар ВИЧ жұқтыруда. Қазір желіде осындай жалған ақпарат тарап жатыр. Фейк мәліметті таратушылар Нобель сыйлығының лауреаты Люк Монтаньенің есімін пайдаланып, соның атынан өтірік цитата келтірген. Онда ревакцина жасағандар автоматты түрде ВИЧ-ке шалдығады. Сол үшін Үкіметті сотқа беру керек деген сарындағы ақылға қонымсыз сөздер келтірілген. Stopfake сайты бұған сенбеуге және жалған ақпаратты таратпауға шақырып отыр.