Бөлшек саудамен айналысатын салық төлеушілер тауарға ілеспе жүк құжат толтырмайды. Елордадағы мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай кәсіпкерлер акциздік өнімнен басқа тауарларды растауға міндеттелмейді. Ал сатушының виртуалдық қоймасынан 30 күн өткен соң автоматты түрде шағарылады. Бұл мәселе қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін кәсіпкерлер палатасының өкілдері тауарға ілеспе құжат дайындаудан босатуды сұраған. Олар қосымша ауыртпалық жұмысты тежейтінін айтқан. Ал кірістер департаменті мамандарының сөзінше, бұл көлеңкелі тауар айналымының алдын алу үшін керек.
Ғалымжан Амангелді, Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:
Жалған жүк алушылар атына немесе банкрот деп танылған, сонымен қатар жойылған компаниялардың атына құжаттардың рәсімдеуді болдырмау үшін енгізіліп жатыр. Мысалы, егер алдыңғы жылдары жалған алушылар атына 10 900 факті анықталса, билы 259-ға дейін төмендеді.