Қаңтар оқиғасына байланысты алғашқы сот үкімі шықты. Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қару ұрлады деген айыппен екі адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық сот хабарлады. Айыпталушылар қылмыстарын толық мойындаған.
Абай Жарылқасын, қалалық соттың баспасөз хатшысы:
Екі азаматқа қатысты 291 бап бойынша, яғни «қару-жарақты және оқты ұрлағаны» үшін кінәлі депа танылып, оларға бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қуан Нұрақын