Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ

21.02.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария банкінде қаржылық шоты жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Берік Уәли кейбір ақпарат құралдары жалған ақпар таратып жатқанына тоқталды. Айтуынша Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.

«Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан ақпараттық шабуылы деп ойлаймын» - деп жазды баспасөз хатшысы.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу