Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті болып тұр. Бір ғана Жамбыл ауданында 10 білім шаңырағында оқушылар осындай әдіспен оқытылуда. Өңірге барған бір топ Мәжіліс депутаттары тұрғындарды алаңдатқан бірқатар мәселелерге құлақ түрді. 176 мыңнан астам халқы бар ауданда әлі де шешімін таппаған проблемалар жеткілікті. Мәселен, көп балалы аналардың атаулы әлеуметтік көмек алу төңірегінде сұрақтары көп. Сондай-ақ, ауыз су жүйесімен қамтылмаған, көшесіне асфальт төселмеген елді-мекендер бар. Жол құрылысы, көші-қон мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Әлия Әбсеметова, Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты:
АСП мәселелері. Көпбалалы аналар келіп жатыр. Заң жүзінде қалай жасалатынын білмей жатыр. Соның жолын көрсетіп жатырмыз. Нақты-нақты мәселелерді осы жерде шешу. Шеше алмай қалған жағдайда депутаттық сауал жазып, сол мәселелерді шешуге дайынбыз.