«Ағза зиянды заттармен күреспеуі үшін вакцинацияға дейін антигистаминдік препарат тағайындалады». Дәрігердің мұндай тұжырымы негізсіз. Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның мына видеосы тараған болатын. Оның сөзінше бұл дәрі-дәрмек балалардың ағзасы екпедегі зиянды заттармен күреспеу үшін тағайындалды. Бұл жалған ақпарат. Анықталғандай, видеодағы ер адамның медициналық білімін растайтын құжаттары жоқ болып шықты.