Корриентес провинциясында 800 мың гектар аумақ өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корриентес провинциясында 800 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

21.02.2022

Аргентинаның Корриентес провинциясында орасан аумақта өрт қаулап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 800 мың гектар территорияда тілсіз жаумен күрес күшейіп келеді. Корриентесті губернатор «экологиялық апат аймағы» деп жариялады. Сонымен қатар, ол орталық үкіметтен және Америка Құрама Штаттарынан көмек сұрады.

Өртті сөндіруге жергілікті тұрғындар да тартылды. Олардың сөзінше, өсімдіктер жанып, жануарлар да қырылып жатыр. Ал,үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, лапылдаған жалынның жан-жағын тез шарпуына қуаңшылық пен аптап ыстық себепші.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу