Мәскеуде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шығарылды

21.02.2022

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шығарылды. Қазір сынақ кезеңі басталды. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, қайырлы күн. Бұл вакцинаның ерекшелігі неде?

Индира Бегайдар, тілші:

Жаңа вакцина «ухань», «дельта» және «омикрон» штамдарына қарсы тұра алады. Гамалеяатындағы ғылыми-зерттеу орталығының мамандары осылай дейді. Жалпы сынақкезеңіне 600 адам қатыспақ. Күзге дейін қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, дәрігерлер бесінші толқын шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді. Іргелеселде коронавирусқа қарсы екпені халықтың 60 пайызға жуығы салды. Кей өңірлердеұжымдық иммунитет 100 пайызға жеткен. Мамандар жазға дейін маска тағу,әлеуметтік қашықтықты сақтау сыңайлы шектеулер алынып тастауы мүмкін, дейді. Жуырда көрші елде коронавирусты анықтайтын детектор да шығарылды. Жаңа құрылғы ресми түрде тіркелді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу