Байден мен Путин Украина төңірегіндегі дағдарысты талқылау үшін саммит өткізуге келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден мен Путин Украина төңірегіндегі дағдарысты талқылау үшін саммит өткізуге келісті

21.02.2022

Мұны Франция президенті Эммануэль Макронның кеңсесі мәлімдеді. Бұл кездесу Еуропада соңғы ондаған жылдардағы қауіпсіздік дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік беруі мүмкін. Саммиттің мән-жайы АҚШ пен Ресейдің жетекші дипломаттарының кездесуі кезінде нақтыланбақ.

 АҚШ пен Батыс Мәскеу соғысқа дайындалып жатыр деп мәлімдеді


АҚШ пен Батыс елдері Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды әскери операция бастауға дайын деп мәлімдеп отыр. АҚШ барлаушылары Украина маңында ресейлік жауынгерлер көбейіп жатқанын көрсететін суреттерді жариялады. Жалпы Украина маңында Ресейдің 190 мыңдай сарбазы шоғырланған. Мәскеу шабуыл жасау ниетін үнемі жоққа шығарып келеді.

Донбастағы жағдай ушықты

Соңғы күндері Донбастағы да жағдай шиеленісті. Жексенбіде екі бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ал бейсенбіде Украина армиясы мен көтерілісшілер бірін-бірі айыптады. Сол күні Донецк пен Луганск облыстарының тұрғындары Ресей аумағына эвакуациялана бастады. Дегенмен Украина қорғаныс министрлігі болса, олар қайта елге оралып жатыр деп мәлімдеді.

Ресеймен бірлескен әскери жаттығу мерзімі ұзартылды

Осы Донбастағы жағдайдың нашарлауына байланысты Ресей мен Беларустің бірлескен жаттығулары әрі қарай жалғасады. Жоспарға сай, ақпанның 10-да басталған маневрлар жексенбіде аяқталуы тиіс еді. Айта кетсек, әскери ойындарға Ресей тарапынан 30 мыңдай сарбаз қатысып жатыр.


Хабарламаларға жазылу