Бұрынғы Қорғаныс министрі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Қорғаныс министрі қамауға алынды

21.02.2022

Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың қамауға алынғанын растады. Құзырлы орган таратқан мәліметке сай, Бектанов Қылмыстық кодекстің 452 бабы, яғни әрекетсіздік фактісі бойынша күдікті деп танылған. Оған қаңтар оқиғасы кезінде жұмысына жауапсыз қарады деген айып тағылып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Небары 4 айдан астам уақыт Қорғаныс министрі болған Бектанов уақытша ұстау абақтысында отыр.


Хабарламаларға жазылу