Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын, кәсіпкер Махмуд Әл Бурай. Оған Қазақстанға тегін сапарлауға екі адамға арналған сертификат берілді. Миллионыншы келушінің айтуынша ол Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Сондықтан біздің елге келу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысатынын жеткізді. Айта кетейік, Дубайдағы ехро көрмесі 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында өтеді. Және ол Таяу Шығыстағы алғашқы EXPO көрмесі. Оның тақырыбы – «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру».