Президент біздің арнаға берген сұхбатында елдегі саяси тазарту туралы да айтты. «Мемлекеттік қызметке білімді, білікті, қызметіне адал азаматтарды тағайындаған жөн. Бірақ түптеп келгенде толық саяси тазарту болмайды»,-деді Президент. Сарапшылар бұл тәжірибесі мол саясаткердің ұтымды қадамы дейді.
Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім жетекшісі:
Халыққа өз ойын, елде жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі түйінін өз сөзімен түсіндіріп беруінде. Яғни Презиеденттің мемлекеттік органдарға, олардың басшыларына, қызметкерлеріне айтып отырған месседжі де осы. Сіздер халықпен байланысқа шығып отыруларыңыз керек. Осындай бір мысал ретінде өзінің үлгісімен көрсетіп жатыр.
Президент қойылған сұрақтардан қашқақтамады. Әр проблеманың басын ашып айттты. Бұл - Мемлекет басшысының «халық мүддесін бірінші орынға қоямын» деген сөзіне дәлел. Жауаптар көңілге сенім ұялатты. Сарапшылар Президент өткеннен сабақ алып, болашаққа ұмтылуға қатысты ұтымды айтты дейді.
Дихан Қамзабекұлы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры:
Біз бұрынғының қателігін де, бұрынғының жақсылығын да қатар, тең алып қарауымыз керек. Сонда елімізде береке орнайды. Сонымен қатар, еңбек және еңбекқорлық жайлы көп нәрсе айтылды. Көкейдегі сұрақтардың бәріне Президент нақты, сонымен бірге фактілерге сүйеніп, заң аясында жауап берді.