Енді сырттан келген Қазақстан азаматтары елге кірерде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді сырттан келген Қазақстан азаматтары елге кірерде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді

18.02.2022

Екпенің екі компонентін алған соң 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өтсе, тест тапсырудың қажеті жоқ. ПТР тестсіз вакцинация паспортын өзара мойындайтын шетел азаматтарына да кіруге рұқсат етіледі. Ауру белгілері байқалмаса, науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады. Кәсіпкерлер вакцина алмаған адамдарды да ғимаратқа кіргізе алады.

Ведомствоаралық комиссия шешіміне сай «Ashyq» қосымшасында көк түсті мәртебесі бар келушілердің де бірқатар нысанға кіруге рұқсаты болады. Ереже бас санитар дәрігердің жаңа қаулысынан соң күшіне енеді. 

Хабарламаларға жазылу