Саясаттанушы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елді дамудың жаңа деңгейіне көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясаттанушы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елді дамудың жаңа деңгейіне көтереді

18.02.2022
Саясаттанушы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елді дамудың жаңа деңгейіне көтереді

«Саяси реформалардың уақыты келді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары елді дамудың жаңа деңгейіне көтереді», - дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали. Оның сөзінше, Президент өз сұхбатында біраз маңызды дүниенің басын ашып айтты. Екінші рет Президенттік сайлауға қатысу мәселесі бойынша:  «Бұл - Конституцияда жазылған заң, бірақ сайлауға түсер-түспесім белгісіз», - деді Тоқаев. Саясаттанушы бұл сөздер оның әділ басшы екенін айқындайды дейді.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы: 
Саяси реформалардың сәтті жүруіне алғышарттар қалыптасты. Біз енді бәрі керемет, өте жақсы болады деп айта алмаймыз. Бірақ алғышарттар бар. Реформаны жетектеп жүргізетін адам билікке пәлендей қызығушылығым жоқ дейді. Бұл жағымпаздық демеңдер. Менің ойымша, бұл таза адамның сөзі.
Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу