Діни экстремизм мен терроризмге қарсы жаңа мемлекеттік бағдарлама дайындау маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы жаңа мемлекеттік бағдарлама дайындау маңызды

17.02.2022

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарлама нәтижелі болмады. Қайғылы Қаңтар оқиғасы соны көрсетті. 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаға бюджеттен 270 млрд теңге бөлінген еді. Бірақ, соның 4 пайызы ғана профилактикалық шараларға жұмсалған. Сұлтан Дүйсембинов Үкімет басшысына сауал жолдады. Осыдан 3 жыл бұрын елде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар саны 20 мыңнан асқаны мәлімделген. Сенаторды олардың көбейіп жатқаны алаңдатады. Уақыт ұттырмай осы мәселеге жіті кірісу керек.

Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Орталықтан басқару және үйлестіру арқылы тиісті әдістемелік, ақпараттық, қаржылық қолдау көрсете отырып, өңірлердегі ақпараттық насихат топтарының қызметін жетілдіру және күшейтуді жалғастыру қажет. Сондай-ақ, діни ахуалды терең зерделеп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарлама дайындау маңызды деп санаймыз.


Хабарламаларға жазылу