Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары 19 пайызға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары 19 пайызға азайды

17.02.2022

Өткен аптада әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары 19 пайызға төмендеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп хабарлады. Дегенмен, ковидтен қайтыс болғандар саны өзгермей, тұрақты күйде қалған. Құжатта індетке шалдығу фактілерінің Оңтүстік-Шығыс Азияда 37 пайызға кеміп, Шығыс Еуропа мен Ресейде керісінше екі есе артқаны ескертілген. Әлемнің кейбір аймақтарында пандемияның қайта күшеюіне «омикрон» штамы себепші. Осы зерттеуде келтірілген тағы бір дерекке сай, Таяу Шығыста коронавирустан қаза табу оқиғалары 38 пайызға көбейіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия аяқталды деп жариялауға тым ерте екенін ескертумен келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу