Сарапшы: АЭС құрылысы – тиімді әрі ұтымды шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: АЭС құрылысы – тиімді әрі ұтымды шешім

17.02.2022

Энергияның болашақтағы тапшылығы туралы қазірден бастап ойлану қажет. Бұл ретте елімізде Атом электр станциясын салу - тиімді әрі ұтымды шешім. Сарапшылар осындай пікірде. Президент Үкіметке 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді тапсырды. АЭС құрылысы осы мақсатты еңсеруді жылдамдатады. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен таза технологияны пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, 2023 жылдан енгізілетін Еуроодақтың көміртегі салығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бауыржан Смағұлов, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасы

Көмір электр станциялары 70 процент біздің мемлекетте. АЭС салу қажет. Неге дейсіз? Бұл – таза энергия. «АЭС-тің ешқандай қауіптілігі жоқ. Неге дейсіз? Құрылыс 10 жылдай болады. 10 жылда жақсы ғалымдарды тарту керек. Кәсіпкерлерді оқыту керек. 10 жылда бәрі болады.


Хабарламаларға жазылу