Ал төл ақшамыз бүгін долларға шаққанда үш теңгеге нығайды. Сонымен қор биржасындағы саудаға сай, америкалық көк қағаз 427 теңге 80 тиын, еуро - 489, рубль - 5 теңге 60 тиын.
Десе де ақша айырбастау орындарында доллар 428-429 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін сарапшылар биыл теңге долларға шаққанда 420-440 теңге аралығында болатынны айтқан. Ұлттық валютамыздың сәл нығаюына әдеттегідей мұнай бағасының көтерілуі себеп. Десе де өткенде баррелі 95 доллардан асқан бренттің бағасы қайта арзандап, қазір 93 долларға теңесті. Бірақ алпауыт инвестициялық компаниялар мұнай құны 100 доллардан асатынына сенімді.