Басты Жаңалықтар Депутат Азамат Әбілдаев: Субсидия талан-таражға түсіп жатыр

Депутат Азамат Әбілдаев: Субсидия талан-таражға түсіп жатыр

Сондай-ақ Мәжілісте шаруаларға бөлінген субсидияның талан-таражға түсіп жатқаны айтылды. Депутат Азамат Әбілдаевтың айтуынша соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ салада ауыз толтырып айтар өзгеріс жоқ дейді. Оның үстіне субсидия түпкі иесіне жетпей, орта жолда талан-таражға түседі дейді ол. Оның үстіне банктер мемлекеттен 1-2 пайызбен миллиардтар алып, оны шаруаларға 17 пайызбен несие қылып беріп, соны субсидия деп атайтынын айтып отыр. Ауыл шаруашылығы экономиканың драйвері деген депутат саланы қатаң бақылауға алып, субсидияны арттыру қажет дейді.


Бөлісу