Қоршаған ортаның ластануы коронавирусқа қарағанда көбірек адам өліміне әкеліп соғады. БҰҰ-ның экологияға қатысты баяндамасында осылай деп айтылған. Құжатқа сай, пестицидтер, пластик пен электронды қалдықтар жылына 9 миллион адамның өліміне себеп болады екен. Ал ковид пандемиясынан 5 миллион 900 мың адам көз жұмған. Дүниежүзілік ұйым кейбір улы химикаттарды қолдануға тыйым салуға үндеді. Мысалы, ыдыстарға жабыспайтын қасиет беретін полифторалкил мен перфторалкил заттары қатерлі ісік тудырады. Зиянды химиялық қалдық тақырыбы ақпанның 28-де өтетін БҰҰ конференциясында кеңінен талқыланады.
Арай Төлегенқызы