Сарапшы болжамы: Қазақстанда көлік қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы болжамы: Қазақстанда көлік қымбаттайды

16.02.2022

Елімізде биыл да авто қымбаттай береді. Көлік нарығының сарапшылары осылай болжап отыр.

Айтуларынша машина бағасының көтерілуіне сұраныстың артуы, доллардың нығаюы мен Қытай шекарасындағы жағдай әсер етеді. Яғни шығыстағы көршіміз арқылы жүк тасымалдау қиындаған соң, кәсіпкерлер көлікті және оның бөлшектерін Ресей арқылы алдыртуға мәжбүр. Сәйкесінше логистика қымбаттап отыр. Бұрын бір контейнер үшін үш жарым мың доллар төлесе, қазір 12 мың долларға дейін ақша кетеді. Осыдан көлік бағасы көтеріліп жатыр. Десе де көп жүргізуші утильалымға қатысты шешімді күтіп отыр. Оның құны азайса, баға түседі деп болаушылар да көп. 

Хабарламаларға жазылу