Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

16.02.2022

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Ғалымжан Пірматов инфляцияны болдырмау және бағаның өсуін тұрақтандыру жөніндегі жұмыс жоспарын баяндады. Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтын валюта резервтерінің жай-күйі туралы есеп берілді. Ғалымжан Пірматов баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі жоспарын да ұсынды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу