Павлодардағы 162/2 түзеу мекемесінің бастығы ұсталды. Ол жазасын өтеушіні бопсалап, аса ірі көлемде ақша талап еткен. Алдымен туыстары арқылы қымбат орындық алғызған. Кейін тағы 3 млн. теңге көлемінде ақша сұратқан. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі мен полицияның бірлескен операциясы барысында күдікті қамауға алынды.
Әділет Мұстафинов, Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:
Қазіргі кезде мына сот санкциясымен екі айға жабылды тергеу изоляторына. 366 шы бап бойынша. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Болат Аманбаев