Мысырда Суэц каналы кеңейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда Суэц каналы кеңейтіліп жатыр

16.02.2022

Мысырда Суэц каналын үлкейту жұмыстары жалғасып жатыр. Оның екі жолды бөлігі 72 шақырымнан 82 шақырымға дейін ұзартылады. Және де 30-шақырымдық бөлігінің ені 40 метрге кеңейтіліп, 22 метрге дейін тереңдетіледі. Мұны осы арнаны басқаратын мекеме төрағасы Осама Раби хабарлады. Оның айтуынша, кеңейту жұмыстарының түпкі мақсаты -қозғалыс қауіпсіздігін арттыру.

Суэц – Қызыл және Жерорта теңіздерін байланыстыратын 190-шақырымдық канал. Өткен жылы мұнда әлемдегі ең ірі контейнерлік кемелердің бірі тұралағанда, жаһандық жүк тасымалы бір аптаға жуық тоқтап қалған еді.

Арыстан Рысбек



Хабарламаларға жазылу