Павлодарда тұрғындардың 72,5 пайызы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда тұрғындардың 72,5 пайызы екпе салдырды

16.02.2022

Павлодар өңірі тұрғындарының 72 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Облыс әзірге қызыл аймақта. Бірақ ауру жұқтырғандар саны азайып келеді. Соңғы тәулікте 129 адамнан анықталды. Яғни, бір апта бұрынғыға қарағанда 1,5 есеге төмендеді. Қазір аймақта үшінші мәрте екпе салдыруға ниетті тұрғындар көбейді. Мәселен, кешегі статистика бойынша 994 , ал, жалпы 87 673 адам вакцина алған. Бұл осы індеттің қаншалықты қауіпті екендігін тұрғындардың жете түсінгендігінің белгісі дейді мамандар.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының маманы:

Жыл басынан бері расталған короновирус жағдайынан 21 адам көз жұмды. Қаңтар айы бойынша 13, ақпан айы бойынша 8 адам.


Хабарламаларға жазылу