Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандар ұсталды

16.02.2022

Алматыда қару-жарақ дүкендерінің бірін тонағандар ұсталды. Олар суық қаруды қалай ұрлағандарын айтып берді.


22 мен 24 жас аралығындағы күдіктілердің екеуі Қарасай ауданында, ал тағы бірі шаһардағы сауда үйлерінің бірінде қолға түскен. Олар қазір қамауға алынып, басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұсталғандар қару-жарақ дүкенін тонауды өздері танымайтын, белгісіз адамдардың нұсқауымен орындағандарын айтады.


 Күдікті:

Бір бейтаныс жігіт көлігіме отырып, Шаляпин мен Саин көшелеріне баруымды бұйырды. Мен бардым. Тонаудан кейін бұл адам жоғалып кетті. Оның кім екенін, қайда кеткенін білмеймін.

   Күдікті:

Біз көп болдық. Ұрланған қаруды мен тығып қойдым.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу