Сыртқы қарыз 37,1 миллиард АҚШ долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы қарыз 37,1 миллиард АҚШ долларға жетті

16.02.2022

Қазақстан Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 37,1 миллиард АҚШ долларына жетті. Барлық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың басқа елдер алдында берешегі бар. Қарыз көлемі Ұлттық қордағы активтердің 67 процентіне тең. Бұл туралы Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов мәлімдеді. Сенаторлардың айтуынша, қарызға алынған қаржыны пайдалану бойынша проблемалар бар. Олар қарыздың көбеюіне әкеліп соғады. Несиені игеру бойынша да мәлімет аз және осы ақшаның көмегімен жүзеге асқан жобаларға бақылау нашар жүргізіледі.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу