Мардымсыз жалақы, жалған статистика жұртшылықты жүдетті. Енді, халықтың табысын арттыруға шыңдап кірісу керек. Президент осындай тапсырма берген соң Үкімет ұсыныстарын әзірлеп, ішінара таныстырып та жатыр. Ал, сарапшылар жаңа бағытта кәсіби әлеуметтік қызметкерлер даярлауды ұсынды. Олар әр мұқтаж отбасылардың мұңын тыңдап, аяққа тұрғызуға ықпал етеді. Тілші тарқатады.
Жалғызбасты анаға байланған жеті тағдыр. Кенжесі сал. Жеткіншектерге 149 мың теңге жәрдемақы төленеді. Тұрақты табысы осы ғана. Азық-түлік бағасы аспандап ұр. коммуналдық төлем тағы бар. Тарығып қалатын күн көп. Сондықтан Айзат ара-тұра жалға көлік алып, таксилетеді. Ешкімге масыл емес. Тапқан-таянғанын үйіне тасумен әбігер.
Айзат Мәңкібаева, көпбалалы ана:
Бұйырғаны кетіп жатқан жоқ. Еңбек етсең береді да, оны сұрай бергеннен ешкім саған ештеңе бермейді. Жылай бергеннен ешкім ештеңе бермейді. Тірі адам болған соң, тірі жан болған соң бейнетіне, әрекетіне қарай Алланың өзі береді деп түсінем. Өз басым солай түсінем.
Уайымы Айзаттан аспаса, кем түспейтін елде 1 млн 145 мың отбасы бар. Әлеуметтанушылар дерегі тіптен үрейлі. Кесте: Әр үшінші неке бұзылады. Әр бесінші бала толық емес отбасында тәрбиеленуде. Тағы әр бесінші адам таксист. 700 мыңдай мүгедек жан бар. Қысқасы жәрдемақы мен зейнетақыға ғана күн көрушілер өте көп. Бірақ, статистика мүлдем басқаша сайрайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп берілуде. Бұл – нағыз көзбояушылық. Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр.
Осыдан соң депутаттар да бас көтерді. Мысалы атаулы әлеуметтік көмекті көтеріп, әр балаға 36 мың теңге төлеу ұсынылды. Ал, үкімет 4 бағытта жұмыс жүргізбек. Жалақыны өсіріп, кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттырмақ. Жоғары өндірістік жұмыс орындарын ашып, жұмыс күшінің қабілетін ашуды жоспарлап отыр. Әлеуметтанушылардың да қосары бар.
Жазира Тұрсынбекова, әлеуметтанушы:
Ол бірінші жаңа кәсіби әлеуметтік қызметкерлер даярлау керек, кейс менеджерлер даярлау керек. Өйткені, олар отбасын отбасылық дәрігер ретінде қарап, қандай не жетіспейді соған бағалау береді. Екіншіден мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету керекпіз. Оларға медициналық реабилитациядан бастап, барлық әрдайым үздіксіз қолдау көрсету қажет.
Әлеуметтік қоржынды да толтырған абзал. Қазір 43 түрлі өнім бар. Бұл Ресейде 4, Англияда 9, ал Германияда 11 есе көп. Азық-түліктен бөлек, көрпе-жастық, тіпті қасығына дейін береді. Егер мұқтаждардың осындай керек-жарағы өтеліп тұрса, күнделікті нәпақасын табатын мақсатына да қол жеткізер ме еді. Кім білсін?
Нысаналы Ығыл