Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды мұқият бақылап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды мұқият бақылап отыр

15.02.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз-хатшысы айтты. Берік Уәлидің сөзінше: Бұл мәселе Владимир Путинмен өткен кездесуде талқыланды. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді жақтайды. Әрі, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн деген пікірде. Оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана декларациясына сай келеді.


Хабарламаларға жазылу