Алматының шетінен оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды. Оны «Дархан» ықшам ауданының тұрғыны байқап, бірден құқық қорғау органдарына хабар берген. Полицейлер гранаталар, әртүрлі милиметрлі калибрлі патрондар, револьвер, сонымен қатар, аталған коктейлді тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Енді тәркіленген заттардың аталған орында қайдан пайда болғаны және кімнің әкелгені тексеріліп, тиісті сараптама жүргізіледі.