Астана күні қарсаңында өтетін шараға қазір бишілер қызу дайындалып жатыр.
Қойылымның балетмейстері - ресейлік Никита Дмитриевский. Балет-спектакльде жанның өмірге келуі, оның аспаннан жер бетіне түскеннен кейінгі өмір сүру жолы әсерлі суреттеледі.
Әлем - бар болғаны өзін-өзі танытып үлгермеген болмыс, сырт келбетін қалыптастыруға тырысатын қуат көзі. Қойылым соңында ол сыннан сүрінбей өтіп, сұлулық атаулысы - әлем атанады.
Риза Қанатқызы, «Аstana Ballet» хореографиялық би ұжымының әртісі:
Біз бұрын халық биін, классикалық би биледік. Спектакль өте қиын. Дайындық жүріп жатыр.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ