Түркістан облысында қазандық жарылып, 1 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қазандық жарылып, 1 адам қайтыс болды

15.02.2022

Түркістан облысында мектеп қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Сайрам ауданына қарасты Ошақты ауылында бүгін тәңертең болған. Жарылыс салдарынан аумағы 20 шаршы метр болатын ғимараттың төбесі ортасына түсіп, қабырғалары қираған. 59 жастағы от жағушы оқиға орнында мерт болды. Жарылыс неден болғаны анықталып, шығын мөлшері есептеліп жатыр.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу