Биыл жастарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, өңірлердегі жастар ұйымдары бірлесе ауқымды жұмыстаратқаруы тиіс. Бұл - Ақтөбеде бас қосқан белсенді жастардың ортақ пікірі. Алға қойған мақсат та ауқымды. Жастар елдегі оң өзгерістер мен игі бастамалардың бел ортасында жүруі тиіс. Қазір облыста 14 ресурстық орталық бар. Жиында былтыр табысты еңбек еткен Шалқар, Мұғалжар және Мәртөк аудандық жастар ұйымдарының жұмысы үлгі етілді. Сондай-ақ, жұмысты жандандыру үшін кейбір орталықтарға жаңа басшылар тағайындалды.
Нұрлыбек Мусин, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы:
Биылғы жылы өзгерістер болады деп ойлаймыз. Жаңабасшылар келіп жатыр аудандық ресурстық орталықтарға. Қазіргі таңда балалар жылы, рәміздер жылы деп жатырмыз, одан бөлек ертеңгі шара - ауған соғысының біткеніне 30 жыл толып жатыр, Талғат Бигелдиновқа арналған шаралар бар, соларды ақылдасып, атқаратын боламыз.