Елімізде баспанаға сұраныс азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баспанаға сұраныс азайған

14.02.2022

Елімізде баспанаға сұраныс азайған. Қаңтарда ел бойынша небары 33 мың жылжымайтын мүлік сатылған.

Сату-сатып алу саны желтоқсанмен салыстырғанда үш еседей, яғни 65 пайызға азайып отыр. Сарапшылар бұған негізінен қаңтар оқиғасы әсер еткен дейді. Өйткені банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен нотариустар біраз уақыт жұмысын тоқтатқан еді. Десе де баға өсіп барады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше қаңтарда жаңа үйлердің шаршы метрі 2,1; қолданыста болғандардыкі 2,8 пайызға қымбаттаған.


Хабарламаларға жазылу