Ералы Тоғжанов «Жаңа Қазақстан» тобының депутаттарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов «Жаңа Қазақстан» тобының депутаттарымен кездесті

14.02.2022

Депутаттар мен үкімет мүшелері проблемаларды хат алмасып емес, түйткіл туындаған жерде бірден шешуі тиіс. Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» тобының мүшелерімен вице-премьер кездесіп, аймақтардағы мәселелерді шешудің жолын іздеді. Депутаттар өңірлерге министрлер кабинеті де жиі шығып, қордаланып қалған түйткілдердің түйінін сол жерде тарқатқан дұрыс, - дейді. Осылайша, халықтың мұң-мұқтажы жәй ғана айтылып қоймай, үкімет бірден шешімін ұсынады. Ералы Тоғжанов депутаттардың бұл пікірімен келісіп, президент тапсырмалары бойынша бағдарламалар әзірленіп жатқанын жеткізді.

 Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Жаңа бірқатар сұрақтарды көтеріп жатырсыздар. Утильалымға қатысты сұрақтар. Жердің де мәселесі тұр. Сондықтан өткенде Президент берген нақты тапсырмасына байланысты Үкіметтің жоспары да дайындалды. Халықтың кірісіне қатысты үлкен программа дайындалып жатыр. Мен онымен өзім айналысып жатырмын. Оның бәрін талқылауға дайынбыз.
 Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біз аймақтарға шығып отырмыз. Вице-премьерге айтып отырмыз, «Алтын Орда», «Хоргос» сияқты ірі мәселелер бар. Соларға депутаттармен қатар Үкімет мүшелері, вице-министрлер бірге қатысып, бірге жүріп, мәселелерді бірге тыңдап, қарап, ең бастысы, Президент айтқан Хоргосты алатын болсық, ішіндегі дәнекер пайда тауып отырған дүниелерден арылтып, бүкіл қаражаттың бюджетке келуі, халықтың игілігіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға қамтамасыз ету.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу