«Күміс жас»: Зейнет жасына жақындағандарды жұмыспен қамту жобасы іске асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күміс жас»: Зейнет жасына жақындағандарды жұмыспен қамту жобасы іске асырылады

14.02.2022

Зейнет жасына жақындағандарды жұмыспен қамту жобасы іске асырылады. Жыл сайын 5 мың адамға қолдау көрсетіледі. Оларға берілетін жалақының тең жартысын 1 жыл мемлекет өтейді. Ал кәсіпорындарға қойылатын талап – қосымша жұмыс орнын ашуы қажет. Аталған санаттағы азаматтардың саны бүгінде 1 млн-ға жуықтайды. Қатарында қызметсіз жүргендер мен бейресми түрде еңбек ететіндер бар. Енді барлығы жұмыспен қамтудың арнайы порталына тіркеліп, екі қолға бір күрек таба алады. Жоба «Күміс жас» деп аталады.

Руслан Тілеубаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басшысы:

Екінші шарт субсидияның мөлшері 30 АЕК-тен көп болмауы тиіс. Егер жұмыс беруші жаңа қызметкерге 200 мың теңге жалақы берсе, мұның 90 мың теңгеден астамы бюджет есебінен субсидияланады. Және одан кейінгі шарты 12 жалақысының субсидияланатын мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші осы азаматты өзінің мекемесіне тұрақты жұмысқа алуға міндетті.


Хабарламаларға жазылу