Заңсыз қосылған майнерлер электр қуатының тапшылығына әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз қосылған майнерлер электр қуатының тапшылығына әсер етеді

14.02.2022

Қазақстанға 2026 жылға қарай Ресейден электр қуатын импорттау тоқтауы мүмкін. Ол үшін электр генерациясын дамыту мен қосымша станцияны іске қосу қажет. Энергетика министрі Болат Ақшолақов заңсыз майнерлердің елдегі электр қуатының тапшылығына әсер етіп отырғанын да айтты. Ведомство басшысы заңсыз қосылған майнерлердің кесірінен тұтынушылар көлемі өсетін уақытта Ресейден 600-700МВт-қа дейін қуат алуға тура келеді. Енді, елдегі электр энергиясына деген сұранысты қамту үшін министрлік ілкімді жобаларды іске қоспақ. 

Хабарламаларға жазылу